Қылмыс • 19 Ақпан, 2025

Қызылордада қосымша білім беру орталығының бас есепшісі күдікке ілікті

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісінің заңға қайшы әрекетін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада қосымша білім беру орталығының бас есепшісі күдікке ілікті

Тексеру кезінде бас есепшінің іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны белгілі болған.

Қазір аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді.