Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

Қаражалда жаңа мектеп салынады

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаражалда жаңа мектеп салынады

Фото: Ашық дереккөз

Бұл жаңалықты Қаражал тұрғындары қуана құптады. Жаңа мектеп қазыналы өңірдің «Вокзал» шағын ауданында салынады.

Қаражал қалалық білім бөлімінің басшысы Тілеш Аштаев бұл мәселені шағын аудан тұрғындарымен бірлесіп көптен бері көтеріп келгенін айтады.

«Ауданымыздағы бастауыш мектеп ғимараты шағын болғандықтан, барлық баланы қажетті орынмен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Сол себепті балалардың басым бөлігі  басқа аудандағы мектептерден білім алады. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының салынуы оқушылардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді», деді Тілеш Аштаев.

Ұлытау облысы