
Фото: ДДСҰ баспасөз қызметі
Көбі туған жеріне жаяу жеткен. Бірақ оларды суық күн райы, ызғар мен жауын-шашын, жоқшылық күтіп тұр.
Анклавтың солтүстігіндегі үйлердің 90 пайызы толығымен немесе жартылай күйреген. Сондықтан көптеген тұрғындар далада түнеуге мәжбүр. Олар гуманитарлық ұйымдар тарапынан көмектің мүлде келмей жатқанына шағымданады. Палестиналықтар әсіресе азық-түлік пен бірінші кезекте қажет заттарға мұқтаж.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қарулы қақтығыс салдарынан қираған Газа секторын қалпына келтіру үшін кемінде 53 миллиард АҚШ доллары қажет дейді. Ал баспана мен басқа ғимараттарды салуға бақандай 30 жыл керек.