
«Біз жетінші рет «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында 1 млрд теңге бөлдік. Бұл қаржыландыру тек қана банктің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі», деді Үміт Болатханқызы.
Оның айтуынша, бұдан басқа, Halyk Bank Visa - She's Next бірлескен жобасына қатысады. Бұл әйелдерді оқытумен айналысатын жеке бағдарлама.
«Оларды бизнес жүргізуге үйретіп, несиелер емес, гранттар бөлеміз» дейді Halyk Bank басшысы.
Сонымен қатар, Halyk Bank басшысы ағымдағы жылы қазақстандық кәсіпкерлерді қандай сын-қатерлер күтіп тұрғанына жеке тоқталды.
«Біз салық салу бойынша белсенді талқылаулар жүріп жатырғанын көріп отырмыз және елде инфляцияның өсуі байқалып отыр, ол базалық мөлшерлеменің өсуіне алып келуі мүмкін. Тиісінше, бұл банктер тарапынан қорландыру мен кредиттеу құнының өсуіне ықпал етеді. Осылайша, халықтың сатып алу қабілеті төмендейтін болады. Бұл дегеніңіз тауарлардың неғұрлым қымбат сегментінен орта немесе, айталық, эконом-деңгейге қайта құрылу керек дегенді білдіреді» деді ол.
Ү.Шаяхметова пандемия кезіндегі және Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейінгі логистикалық тізбектегі өзгерістерге назар аударып, бизнеске өз бағыттарын, соның ішінде жеткізу, сауда серіктестері мен магистральдар бойынша қайта құру туралы өз ұсыныстарымен бөлісті.
Еске салайық, Halyk Bank экономиканың нақты секторын белсенді түрде несиелендіреді. Оның портфеліндегі қарыздардың 50% -дан астамы заңды тұлғаларға тиесілі. Бұл несиелер экономиканың барлық сегменттерiне, соның iшiнде өнеркәсiп, байланыс, сауда, ауыл шаруашылығы және басқаларына берiлген.