07 Ақпан, 2015

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы ашылды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09 02 - pavlodar ПАВЛОДАР. 7 ақпан. «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде «Интернетке шығу орталығы» атты жаңа жоба ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңа жоба «Қазпошта» акционерлік қорының жергілікті бөлімімен бірлесіп атқарылады. Бейне-конференция арқылы тұрғындар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөліміне, әкімдікке сауал жолдай алады. Сондай-ақ пошта бөлімшелеріне келіп те саулдарын қоя алады. Енді Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылы, Майқайың кенті, Екібастұздың Шідерті кентінің тұрғындары Skype бағдарламасы арқылы партияның қабылдау бөлімімен байланысқа шыға алады. Партияның облыстық төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрмановаға сауалдарын жолдайды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.