07 Ақпан, 2015

Павлодарда нан бағасы тұрақты болады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09 02 - hleb Павлодар. 7 ақпан. Павлодар облысы әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ арасында нан бағасын тұрақтандыру бойынша 2015 жылдың 1-қазанына дейін меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Келісімдерге сәйкес, бөлшек саудада салмағы 550 грамм бөлке нанның бағасы бірінші тоқсанда 55 теңгеден, екінші тоқсанда 56 теңгеден және үшінші тоқсанда 57 теңгеден аспауы тиіс. Нан бағасы артқан жағдайда тұтынушылар 32 22 86 телефон нөмірі арқылы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасына, 32 49 10 нөмірі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасына және қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдеріне хабарласа алады. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: gazeta.kz.