Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Кәсіпкерді ірі айыппұлдан құтқарды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік субъектісін террористік тұрғыдан осал нысандардың тізбесіне негізсіз енгізу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерді ірі айыппұлдан құтқарды

Аталған дерек бойынша бақылаушы органдар тексеру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде аудандық прокуратура қызметкерлері «Мақтарал» қоғамдық тамақтану орталығының техникалық сипаттамаларын зерделей келе, нысанның жоғарыда аталған санатқа жатпайтынын анықтаған.

«Аудандық полиция бөлімі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесінде  ӘҚБтК-нің 149-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Аталған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.

Прокурорлық қадағалау актісімен тексеру тағайындау туралы қаулы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің 14.01.2025 жылғы қаулысымен кәсіпкерлік субъектісі террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесінен алынды», делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.