09 Ақпан, 2015

Қостанайда белгілі суретші Георгий Соковтың көрмесі ашылды

423 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
002ҚОСТАНАЙ. 9 ақпан. Қостанайда белгілі қылқалам шебері Георгий Соковтың жеке көрмесі ашылды. Онда суретшінің гарфикалық жанрдағы 35 еңбегі қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Графикалық жанрда болғанымен аралас техникамен салынған картиналар суретшінің шеберлігін ғана паш етіп қоймайды, көрерменін ойға жетелейді. Георгий Михайлович бұл жолы әлемдік мәдениеттің асыл қазынасы болып табылатын әйгілі есімдердің сериялық галереясын жасаған. Олардың өмір сүрген кезеңі де әртүрлі. ХV ғасырдағы Микеланджело Буонароттиден бастап, Франсиско Гойя, Огюст Роден, Павел Филонов, Джованни Лоренцо Бернини, Франц Кафка, Данте Алигьери, Федерико Гарсиа Лорка, Сальвадор Дали, Ян Вермеер, Игорь Стравинский, Мигель Сервантес, Питер Рубенс, Александр Блок, Пабло Пикассо, Данте және Габриэль Гарсиа Маркеса пен Иосифа Бродский секілді бүгінгі замандастарымызға дейін көрерменнің көз алдынан өтеді. Оларға ортақ нәрсе – ұлылық. Г.Соков бұл сериялық жұмысын 2008 жылы бастаған болатын. Оның біразын жұртшылық суретшінің осыған дейінгі көрмелерінде қараған еді. Суретші оны толықтырып, көрермен назарына қайта ұсыныпты. Облыстық көркемсурет галереясының ұйымдастырушы маманы Назгүл Ахметова: «Соков шығармалары арқылы әлемдік мәдениеттегі ұлы есімдерді жаңғыртқандай болады. Ол әр картинасында ұлы жазушының, композитордың немесе философтың жеке портретін бермейді, олардың шығармаларын да арқау етеді. Соков сериялық жұмыстарының ерекшелігі де осы, әр шығармасы терең ойға жетелейді», деді. Суретші Геогрий Соков: «Маған сериялық жұмыс істеу ұнайды. Өйткені, оны мен кез келген уақытта жалғастырамын, кез келген уақытта тоқтатып қоямын. Бұл жұмысты жалғастыруыма оқыған шығармалар, күнделікті тіршіліктегі келген ойлар түрткі болады. Мысалы, Маркестің «Мың жылдық жалғыздық» кітабын қайта оқып шыққанда, көз алдыма бір шығарманың желісі келді», деді. Г.Соков 1969 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген болатын. Ол Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, сонымен қатар уақыытнда КСРО суретшілер одағының да мүшесі болды. 90-шы жылдары монументалдық сипатта бірқатар жұмыстар жасап, ол «Қазақстанның монументалдық өнері» атты альбомға енді. 1996 жылы Қазақ мәдениет қорыҚостанай филиалының төрағасы болды. Олар жинаған Қазақстан, алыс-жақын шетелдер суретшілерінің шығармаларының саны 2000-ға жетеді. Георогий Соковтың өзінің жеке көрмесі жыл сайын Қостанайда өтеді, сонымен қатар әр жылдары Алматыда, Польшада, Троицкіде, Ульяновскіде, Рудныйда өтті. Оның шығармалары А.Қастеев атындағы және еліміздегі, одан сырт жерлердегі көптеген музейлерге қойылған. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 1162 1239 6374 6379