Есірткі • 24 Ақпан, 2025

46 жастағы ер адамнан есірткі тәркіленді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының полицейлері жедел іздестіру шарасы аясында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

46 жастағы ер адамнан есірткі тәркіленді

Полиция басқармасы ұсынған дерекке сәйкес, Канонерка ауылының тұрғыны үлкен көлемдегі есірткіні сақтап келген.

Шұғыл тінту кезінде 46 жастағы ер адамның күртесінің ішкі қалтасынан ерекше иісі бар, қою жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қағаз орама табылды. Сыртқы қалтасынан да соған ұқсас заттың шашыраңқы түрі анықталды.

Сонымен қатар, тұрғын үй аумағын тінту барысында шаруашылық құрылысынан тағы бір қағаз орама табылды, оның ішінде де қою жасыл түсті өсімдік тектес зат болған. Басқа бір құрылыстан да өсімдік тектес заттың шашыраңқы түрі анықталды. Үйдегі еден астындағы жертөледен көлемі 0,5 литр болатын екі шыны банкадан да есірткі табылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 890,05 грамм құрғақ марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30