
Фото: azattyq-ruhy.kz
Шектеу Қостанай, Ақмола облысындағы бірнеше республикалық маңызы бар жолға сағат 12: 30-дан бастап енгізілді.
Қостанай облысындағы «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы, яғни Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол жабық.
Ақмола облысында «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы) көлік қозғалысы шектеліп отыр.
Сондай-ақ, осы өңірдегі «Жақсы - Есіл - Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы), «Жезқазған - Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы) барлық көлік түрі үшін жабық.
«ҚазАвтожол» мәліметінше, жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін Жетісу облысында жол жабылғанын жазғанбыз.