09 Ақпан, 2015

Рудныйда пародия байқауы өтті

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
15[1]ҚОСТАНАЙ. 9 ақпан. Рудный қаласында пародия байқауы өтті. Онда Қайрат Нұртастың образы Гран-приді жеңіп алды. Бұл туралы ng.kz хабарлады. Бұл байқау Рудныйда екінші рет өтіп отыр. Өткен жылы ресейлік телеарнаның «Один в один» және «Қазақстан» телеарнасының «Жұлдызды дода» хабарларына еліктеп, осы байқауды балалар арасында өткізген еді. Биыл оған қатысуға ересектер көп тілек бідіріпті. «Орбита» демалыс орталығының әдіскері Светлана Пинчук: «Биыл біз байқауға қатысушылар қатарын толтыра алмаймыз ба деп ойлаған едік. Өткен жылы балалармен бірге ересек кісілерді де қатыстыру ойда болған. Бірақ олар ұялған болатын. Ал биыл байқауды өткізуге олардың өзі ұсыныс жасады», деді. Байқаудың қорытынды концертіне барлығы 16 адам ғана шықты. Қазылар алқасы қатысушылардың дауысы мен актерлік шеберлігін таразылады. Рудныйлықтар алдында «Қайрат Нұртас», «Елена Образцова», «Лайма Вайкуле», «Стас Михайлов», «Айгерім Қалаубаева» және «Пинк» өнер көрсетті. Байқау өте көңілді өтті. Қатысушылардың барлығының да өнері көпшілікке ұнады. Бірақ жарыстың аты – жарыс. Үшінші орынды Елена Образцованың бейнесін жасаған Тамара Зюбанова мен Әйгерім Қалаубаева болып шыққан Жанерке Сәбитбек бөлісті. Екінші орынды Рафаэлла Караны сомдаған Татьяна Брюшко мен америкалык Пинкты Рудный сахнасына шығарған Анастасия Дмитрюк алды. Бірінші орын Александр Серов болып, қазылар алқасының жүрегін жаулаған Павел Евтущенко мен Стас Михайловтың образын жасаған Саламат Жақыповқа берілді. Ал Гран-приді Қайрат Нұртасты Рудныйға «әкелген» Әсет Қуанышев пен PSY әнінің орындаушысы мен авторы оңтүстік кореялық әншіні шығарған Антон Боков бөлісті. Нәзира Жәрімбетова. Дереу, сурет: ng.kz. 06[1] 09[1] 11[1]