Әлем • 24 Ақпан, 2025

Екі автобус соқтығысып, 35 адам зардап шекті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға бүгін таңертең Германиядағы Саарбрюккенде Saarbasar сауда орталығының маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі автобус соқтығысып, 35 адам зардап шекті

Фото: BILD

Полицияның мәліметінше, кемінде 35 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар. Кем дегенде бес адамның жағдайы ауыр деп хабарланған.

Қазіргі уақытта жол апаты орын алған учаске жабылып, көлік қозғалысын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.