08 Ақпан, 2015

Павлодарда 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09 02 - pav zavod Павлодар. 8 ақпан. Павлодар облысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 21 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның 7-і биыл іске қосылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы ірі жобаларда жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша келіссөз жүргізіліпті. Мысалы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ және мердігерлерімен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Облысқа келген «Тенгизшевройл» ЖШС делегациясы өңіріміздегі 8 кәсіпорнның жұмысымен танысыты. Бұл жергілікті қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Құбыр өнімдерінің 150 мың тоннасын тасымалдау бойынша келісімшарт жасалды. Қазір кабель-сым өнімдерін жеткізу мәселелері шешілуде. 2010-2014 жылдар аралығында өңірімізде ҮИИД бағдарламасы шеңберінде 68 жоба іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның алғашқы бесжылдығында жүзеге асырылған жобаларға 274,4 млрд. теңге жұмсалған. Енді жаңа жобалар іске қосылған соң, барлығы 2 мың жұмыс орны ашылады. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.