Өнер • 25 Ақпан, 2025

Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуы мүмкін

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі ұйымының 31 мүшесі Түркістан қаласына арнайы келіп, жергілікті қолөнершілердің жұмысына жоғары баға берген болатын. Осы орайда Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымына мүше болуға өтінім берген.

Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуы мүмкін

Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілер мен қолөнерді біріктіруші – «World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшыларымен кездесті. Түркістанға арнайы келген Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев пен сарапшылары үндістандық Сохан Кумар Джа, түркиялық Махоотчиан Ялда, Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша вице-президенті және сарапшысы Ле Ба Нгок қаланың қолөнер саласының дамуымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуы үшін атқарылатын жұмыс бағыттары мен саладағы ынтымақтастық жайы талқыланды.

қолөнер

Әзімбек Пазылбекұлы сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті мен өнері ұштасқан қасиетті шаһар туралы баяндап, «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алудың маңызына тоқталды. «Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болып, ежелден қолөнердің дамуына үлкен үлес қосқан Түркістан аталған мәртебені алуға ниетті. Бүгінде қаламыздың қолөнер саласы өзінің терең тамыры мен ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, заманауи үрдістермен үйлесімді дамып келеді. Түркістандық шеберлер жасаған керамикалық бұйымдар өздерінің әсемдігімен, нақышты өрнектерімен және сапасымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта қолөнершілерді қолдауға бағытталған үлкен жобаларымыз бар», деді қала әкімі.

қолөнер

Сондай-ақ басқосуда Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев қала әкіміне алғыс айтып, Түркістанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді. Түркістанға «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алу ортақ мақсат екенін жеткізіп, осы жолда бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше