
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі түлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметі
Бұл – Азия жарысындағы пара велоспортшылардың қоржынға қосқан 4-ші медалі.
Бұған дейін тректегі пара велоспорттан Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Антон Лаврентьев (пилот) 4 км қашықтықты 4:36.708 уақытта өтіп, алтын медаль жеңіп алған.
Әйелдер арасында тандемдегі жарыста Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Полина Братчикова (пилот) қашықтықты 3:55.816 уақыт нәтижесімен өтіп, күміс медаль иеленген.
Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күні ел спортшылары командалық спринтте қола жүлде еншілеген болатын.
Айта кетсек, 16 елден 250-ден астам спортшы қатысып жатқан пара велоспорттан тректегі Азия чемпионаты Малайзияда өтіп жатыр, 27 ақпанда аяқталады. Қазақстан тарапынан 6 спортшы бақтарын сынауда.