09 Ақпан, 2015

Ақтөбе политехникалық колледжінде кәсіпкерлік мектебі ашылды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09 02 - bizness mektep АҚТӨБЕ. 9 ақпан. Ақтөбе политехникалық колледжінде кәсіпкерлік мектебі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Колледжде кәсіпкерлік мектебінің ашылуына Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік палатасы ықпал етті. «Бұл осындай инновациялық жоба жүзеге асырылып отырған тұңғыш оқу орны болып табылады. Колледж түлектерінің дипломмен бірге бизнесті жүргізу бойынша білім де алып шығатыны қуанышты. Біз колледж түлектерінің арасынан оқу орнын бітіргеннен кейін өз ісін ашуды ойластыратындары кездесетініне және өңіріміздің белгілі кәсіпкерлері болатынына сенім артамыз», – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәмелі Құнанова. Дәмелі Бақыткерейқызының айтуынша, кәсіпкерлік мектебінде оқу аптасына екі рет факультативтік ретінде өткізіледі. Оқыту семинарларын өткізу үшін кәсіби лекторлар мен бизнес жаттықтырушылар шақыртылады. Олар түлектерді өз ісін қалай ашуға, бизнес-жоспарды қалай жазуға оқытады, өз армандарын жүзеге асыруға талаптанған кәсіпкерлерге көмек беретін мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру көздері туралы түсіндіреді. Сондай-ақ бизнесті жүргізудегі негізгі қателіктер жайы да айтылады. «Қосымша өз ісін қалыптастырып үлгерген кәсіпкерлермен, палатаның сарапшыларымен кездесу ұйымдастылатын болады. Мектептің тыңдаушылары өзінің жеке кәсіпкерлік бастамасы болса, жобалармен жұмыс істей алады. Ең үздік жобаларға палата қолдау көрсетеді. Тіпті олар үшін инвесторлар іздеуіміз де мүкін», – дейді өңірлік кәсіпкерлік палатасы директорының орныбасары. Мұндай кәсіпкерлік мектептері облыстағы басқа колледждерде ашылуы мүмкін. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: newskaz.ru.