
Бұл құжатқа 2023 жылдың 8 маусымында Сочи қаласында қол қойылған.
Келісімде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында еркін сауда аймағын тұрақты дамыту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қатысушы мемлекеттердің экономикаларын әрі қарай дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Құжатта инвестициялармен байланысты ережелер қамтылған, бұл өз кезегінде ТМД елдерінде бизнес жүргізу үшін тиімді жағдайлар қалыптастыруға айтарлықтай серпін береді. Келісім бұған дейін жасалған екіжақты инвестициялар қорғау және қолдау туралы келісімдерді толықтырып, дамытуға мүмкіндік береді.
Ратификациялау Қазақстанға ТМД елдерімен сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге, отандық қызметтердің экспортын арттыруға және елімізге инвестициялар көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.