09 Ақпан, 2015

Петропавлдық зағиптарға тарту жасалды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
892681_1401369059.41179532ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. «ЮрВест» ЖШС заңгерлік компаниясы «Даму – Көмек» бағдарламасының аясында «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Петропавл қалалық филиалына компьютер және кеңселік тауарлар сатып әперіп, демеушілік көмек көрсетті. Бұл туралы «Даму» қоры өңірлік бөлімшесінің менеджері Гүлмира Жақыпова хабарлады. – «Юрвест» компаниясы облыс тұрғындарына заңгелік және консалтингтік   қызметтер көрсетумен айналысады. Әрі «Даму» қорының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда сенімді серіктестік болып табылады. Бұдан тысқары аз қамтылған адамдар мен отбасыларға көмек қолын беруден де тартынған емес. Елбасының тікелей тапсырмасымен жер-жерлерде мүгедек жандарға үлкен көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда, аталмыш компанияның бастамасына дән ризашылығымызды білдіреміз. Біз «Даму» қорымен көптен бері тығыз байланыстамыз, – дейді Петропавл қаласы зағиптар қоғамының басшысы Еркебұлан Аманжолов. Өмір Есқали. Дерек: «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы. Сурет: muftyat.kz.