Әскер • 27 Ақпан, 2025

Әскери институттардың 50-ден астам түлегі генерал атағын алған

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери институттарының 50-ден астам түлегі генерал атағына ие болды. Бұл туралы Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Қуатбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Әскери институттардың 50-ден астам түлегі генерал атағын алған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери институттары ел тәуелсіздігі жылдары ішінде 35 мыңнан астам офицерді, 4 мың сержантты (кадеттік корпустан) және 14 мың «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушісін даярлады.

Сонымен қатар, 50-ден астам түлек генерал әскери атағына ие болды, бұл әскери оқу орындарындағы білім беру сапасының жоғары екенін және кадрлардың кәсіби өсіп-жетілгенін дәлелдейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның әскери оқу орындарының түлектерінің шамамен 60%-ы Қарулы Күштер қатарында қызметін жалғастыруда.

«Әскери мамандардың жоғары деңгейдегі дайындығы әскердің жауынгерлік даярлығын, мобилизациялық өрістеуін және елдің қорғаныс қабілетін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әскери білім беруді дамыту аясында мамандықтар спектрі кеңейтіліп, бұл шетелде әскери кадрларды даярлауды едәуір қысқартуға ықпал етті», делінген хабарламада. 

Отандық жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі Қарулы Күштердің қазіргі заманғы талаптарына сай жүргізілуде, ал елде жоқ бірегей мамандықтар бойынша даярлау халықаралық деңгейде жалғасуда.

Қазақстанның әскери білім беру жүйесі дәстүрлерді сақтай отырып, заман талабына сай жаңғырып, Қарулы Күштерді жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуде.