
Үкіметтік емес ұйым – әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің ең сенімді тірегі саналады.
«Расында да, үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді. Мемлекеттің кемел келешегін қамтамасыз ететін негізгі ресурс – адам капиталы. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Азаматтардың құқықтарын қорғаудан бастап, «Таза Қазақстан» секілді экологиялық акцияларға дейінгі көптеген маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер», деді министр құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
«Сіздердің қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Осы орайда, азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, жаңа идеялар мен толайым табыс тілеймін! Қоғам дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!», деді министр.