Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Ғалымдар марапатталды

329 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыда ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың былтырғы жылғы лауреаттары марапатталды. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Президент жанындағы ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев, ҒЗИ және жоғары оқу орындары басшылары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

Ғалымдар марапатталды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде Мемлекет басшысының ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру саясатының арқасында оң өзгерістер орын алғанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2024-2026 жылдарға арналған қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру көлемі ұлғайтылғанын, жас ғалымдарды қолдау шаралары күшейтілгенін, ғылымды дамыту және технологиялық саясатты іске асыруға бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданып, ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары артқанын, Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі нығайғанын ерекше атап өтті.

1

ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында соңғы жылдары отандық ғылымды дамытуға көп көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемінің 3 есеге ұлғайғанын атап өтті. Заңнамалық база жаңартылып, түрлі ғылыми-техникалық іс-шаралар мен ғылыми конкурстар өткізу арқылы ғылымды дәріптеу бойынша жұмыстары жандана түсті. Алғаш рет мемлекеттік деңгейде жас ғалымдардың баспана жағдайы қолдау тапты. Былтыр ҰҒА тарапынан жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысында респонденттерінің 60 пайызы жас ғалымдарды қолдаудың соңғы 5 жылда едәуір жақсарғанын атап өткен.

2

Былтыр алғаш рет Президент жанындағы ҰҒА, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Astana Hub және цифрлық Үкіметті қолдау орталығының қолдауымен конкурс цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған форматта өтті. Сыйлық алуға осы жүйе арқылы барлығы 169 өтінім және стипендиялар бойынша 1232 өтінім келіп түскен. Барлық бағыттар бойынша бәсекелестік деңгейі өте жоғары болып, 1 сыйлыққа 37 үміткерден келді.

Нәтижесінде ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін 6 сыйлық және 75 стипендия тағайындалды. Оның ішінде ғылыми мәселелерді шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсенді қатысқан және ғылыми жұртшылыққа танымал 50 дарынды жас ғалым бар.

Салтанатты шара аясында министр Саясат Нұрбек және Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев сыйлықтар мен стипендиялар лауреаттарына дипломдар, төсбелгілер мен сертификаттар табыс етті.

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы «Еуразия орталығының ежелгі және қазіргі заманғы халқының генетикалық тарихы: палеогенетика және Y-хромосоманың филогеографиясы тұрғысынан көзқарас» тақырыбындағы 2024 жылғы үздік ғылыми зерттеуі үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаттары болып Мақсат Жабағин, Жақсылық Сәбитов атанды.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы «Жасыл экономика үшін материалдар мен энергия сақтау жүйелерінің инновациялық технологияларын дамыту» тақырыбындағы ұжымдық жұмысы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаттары болып Жұмабай Бакенов, Айшуақ Қонаров, Арайлым Нұрпейісова, Арайлым Ахметбекқызы, Әлия Мұқанова, Нұржан Умиров атанды.

Педагогика саласындағы «Қазақстандағы нақты ғылымдар (STEM) саласындағы әйелдер тәжірибесін зерттеу» тақырыбындағы үздік ғылыми зерттеу мен жұмысы үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлыққа Айнұр Альмұхамбетова, Түркология саласындағы аса зор жетістіктері және «Ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тіліндегі араб және парсы сөздері» тақырыбындағы үздік ғылыми жұмысы үшін Күлтегін атындағы сыйлыққа Айнұр Сейтбекова ие болды.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы «Болашақты құру: Тұрақты және икемді сымсыз желілердің келешек буынына арналған қайта-конфигурациялатын интеллектуалды беттер» тақырыбындағы үздік ғылыми жұмысы үшін Д.А.Қонаев атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлықтың лауреаты болып Ғалымжан  Наурызбаев атанды.

Гуманитарлық ғылымдар саласындағы «Негізгі құндылықтардың лингвомәдениеттанулық және этнопсихолингвистикалық зерттеуі» тақырыбындағы үздік ғылыми жұмысы үшін М.О.Әуезов атындағы жас ғалымдарға арналған сыйлыққа Гүлжана Күзембаева ие болды.

Жетекші ғалымдар мен жас ғалымдар былтыр мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының жеңімпаздары атанып, ғылым мен білім саласына қосқан үлестері үшін жоғары бағаланды. Марапатталған ғалымдар өз зерттеулерінде жаңа бағыттар ашып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025