09 Ақпан, 2015

Қостанайда ер кісі тоққа түсіп қаза тапты

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
electrocutareҚОСТАНАЙ. 10 ақпан. Қостанай қаласындағы саунада оқыс оқиға орын алды. Моншаның бу бөлмесінде бір ер адамды электр тогы ұрып, сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады. Қостанай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарағанындай, токқа түсіп, бақытсыздық жағдайға ұшыраған облыстық ішкі істер басқармасының қызметкері екен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында оқиға болған жерге полиция мен «жедел жәрдем» шақырылғаны айтылған. Саунаға үш ер кісі екі сағатқа уақыт алған. Спирттік ішімдік ішпеген. Сот-медициналық сараптау белгіленді, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz. Сурет: oreninform.ru.