
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Оған 28 елдің 108 командасы, соның ішінде 49 гроссмейстер және 57 халықаралық шебер қатысқан. Чемпионатқа Қазақстанның үш құрамасы: екеуі 50+ жас санатында және бір команда 65+ санатында қатысты.
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 50+ жас санатындағы Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында жарысқа гроссмейстерлер Міртас Қажығалиев, Павел Коцур, Серікбай Темірбаев, халықаралық шеберлер Ерлан Тікжанов пен Валерий Мин қатысты. Команда капитаны гроссмейстер Пётр Костенко болды.
Айта кетсек, 50 жастан асқан шахматшылар арасында командалық әлем чемпионаты алғаш рет 2004 жылы Мэн аралында өткен екен. Аталған турнир 2014 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді.