АЛМАТЫ. 4 мамыр. «Алматы» қонақ үйінің фасадында Рейхстаг ғимаратына Ту тіккен қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалды тақта қойылды. Соғыс ардагері 20 жылдан астам осы қонақ үйдің директоры қызметін атқарған. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Митингіге қатысушылар тарихқа бір сәт терең үңіліп, Рахымжан Қошқарбаев жайлы естеліктер айтты. Оның майдан даласындағы ерлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде баяндады.
150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс-қимыл әрекеттерінің кітабында «1945 жылы, 30 сәуір күнгі 14 сағат 25 минут кезінде лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов ғимараттың орталық бөлігіне жер бауырлап барып, кіре-беріс баспалдаққа Қызыл туды тікті»,–деп жазылған. Сол кезде өлімге бас тіккен қос жауынгердің ерлігі ерекше ескеріліп, екеуі де Кеңес Одағының Батырғы атағына ұсынылған. Алайда, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Тарихи шындық Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ғұмырлық салтанат құрды. Рейхстагқа Ту тіккен қазақ батырына 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: inform.kz.
• 04 Мамыр, 2015
Рахымжан Қошқарбаевқа Алматыда мемориалды тақта орнатылды

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше