Қазақстан Республикасы дәстүрлі түрде Омбы облысымен негізгі шетелдік әріптес, соның ішінде инвестициялық ынтымақтастық тұрғысында да шынайы әріптес болып табылады. Қазақстанмен арадағы айналым өткен жылы шамамен 100 миллион АҚШ долларын құрады.
2015 жыл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен ерекшеленіп отыр. Мұның өзі біздің одан арғы өзара байланыстарымыздың болашағын барынша айқындай түседі. Еуразиялық интеграцияның дамуы екіжақты өзара тиімді байланыстардың жаңадан серпін алуына ықпал етпек. Қазіргі сатыда экономиканы күшейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, инвестициялық ынтымақтастықты ұлғайту және сонымен бірге, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін арттыру сияқты өңіраралық әріптестікті нығайтудың көптеген жемістерін көріп отырмыз.
Сөз жоқ, өңіраралық ынтымақтастықта сауда-экономикалық қарым-қатынастардың маңызы зор. Дегенмен, интеграцияның қазіргі жағдайы бірлескен кәсіпорындар құру сияқты өзара байланыстардың неғұрлым терең формаларына көшу қажеттігін көрсетеді. Сол сияқты, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың да келешегі үлкен. Сондықтан бұдан арғы жерде де Омбы облысының Қазақстан Республикасымен инвестициялық ынтымақтастығы барған сайын күшейе түсетін болады.
Бізде екіжақты қарым-қатынастар жақсы қалыптасқан. Өткен жылы Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесті. Биылғы жылдың басында Солтүстік Қазақстан облысы әкімімен кездесу жоспарланып отыр. Осындай кездесулер барысында екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстар орнығып, олар кеңейе түседі. Қазіргідей рубль бағамының төмендеуі жағдайында қарым-қатынастар маңызы бұрынғыдан да арта түспек. Өйткені, отандық, яғни ресейлік өнім қазақстандық өнімге қарағанда анағұрлым бәсекеге қабілетті бола түсуде. Демек, Қазақстанға шығарылатын экспорт көлемі де арта түсетін болады.
Вадим ЧЕЧЕНКО,
Ресейдегі Омбы облысының экономика министрі.
Ресей Федерациясы.

Аймақтар • Кеше
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Кеше