Қоғам • 02 Наурыз, 2025

Қытай кеденшілері Қазақстан азаматын ажалдан арашалап қалды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айының 27-сі күні Алтай аймағындағы Қытайдың Зимунай шекара бекетінде төтенше жағдай орын алған. Шекара аумағында Қазақстан азаматы кенеттен миына қан құйылып, өте ауыр халге түскен, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қытай кеденшілері Қазақстан азаматын ажалдан арашалап қалды

Сол сәтте Шыңжаң шекаралық бақылау басқармасына қарасты Зимунай шекаралық бақылау бекетінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, шұғыл трансшекаралық құтқару жоспарын іске қосты. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы  Цзян Вэй ханым хабарлады.

1

Бас консулдың мәлімдеуінше, науқасқа арнайы «жасыл дәліз» ұйымдастырылып, емдеу мекемесіне тез жеткізілген. Қазіргі таңда отандасымызға қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Бұл – биылғы жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы үшінші трансшекаралық медициналық құтқару операциясы. Бұл іс-шаралар екі ел халықтарының арасындағы берік достықтың айқын көрінісі»,  дейді Зимунай шекара бекетінің кезекші офицері Ху Анси.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше