
Фото: Khalil Kahlout
Мәміле Рамазан айы мен яһуди мейрамы Песах аяқталғанға дейін яғни 19 сәуірге дейін жалғасады.
Жалпы Америка президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф ұсынған жаңа жоспарға сәйкес, келісімнің алғашқы күні израильдік тұтқындардың жартысы босатылуы тиіс. Қалған тұтқындарды ауыстыру атысты толығымен тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін жүзеге асады. Израиль билігі хабарлағандай, ХАМАС бұл ұсынысқа қатысты әзірге ешбір шешім қабылдаған жоқ.