Бокс • 03 Наурыз, 2025

Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

67 келіде ел намысын қорғаған Төрехан Сабырхан кіші әлем чемпионатына баланған «Странджа» халықаралық турнирінің үздік боксшысы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, «Странджа кубогінде» бұған дейін ел боксшыларынан ешкімге бұл атақ  бұйырмаған. Осылайша, Төрехан Сабырхан - «Странджа кубогінде» үздік боксшы атанған алғашқы қазақ атанып отыр. 

19 жастағы былғары қолғап шеберінің ересектер арасындағы сынға қосылғанына 1 жыл толған жоқ. 

Турнир финалында ол Әзербайжан өкіліне қарсы жұдырықтасты. Тартысқа толы бәсекенің екі раунд қорытындысында есеп теңесіп тұрғанмен, шешуші сында отандасымыз жеңіске лайықты екенін дәлелдеді.