Спорт • 03 Наурыз, 2025

Қазақстан құрамасы су добынан қола жүлде жеңіп алды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан құрамасы су добынан қола жүлде жеңіп алды

фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.

Әйелдер арасында турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Біздің спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.