
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты, Қытайлық Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мал шаруашылығы Академиясы және Қазақстанның «Жібек Жолы» коммерциялық-инвестициялық компаниясы ЖШС-і «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде бірлескен жайылымдық мал шаруашылығы зертханасын құруды жоспарлап отыр.
Тиісті келісім бірлескен технологиялық әзірлемелерді, тәжірбие алмасуды, тренингтер арқылы кадрлар даярлауды, техникалық оқытуды және практикаға ғылыми жетістіктерді енгізуді көздейді.
Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және мал шаруашылығы саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.