АСТАНА. 4 мамыр. Түркияда Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне әуе шарлары (аэростат) ұшырылды. Елбасының президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұйымдастырылған шара Невшехир аймағындағы әлемге танымал «Каппадокия» туристік орталығында өтті. Әуеге көтерілген шарларға Қазақстан Президентінің портреті, құттықтау сөздер және екі елдің мемлекеттік тулары ілінді. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған шара Мемлекет басшысының сайлаудағы жеңісіне және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған. Бұл тың бастамаға БАҚ өкілдері мен жергілікті және шетелдік туристер куә болды.
Аэростат ұшқышы Хаккы Йылдыз Елбасының жарқын жеңісімен барша қазақстандықты қазақ тілінде құттықтады. «Бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен тұрақтылық және жарқын болашақ тілеймін», – деді ол өз құттықтауында.
Көкке көтерілген шарлар Каппадокия тауымен үйлесім тауып, туристерді ұмытылмас әсерге бөледі.
Каппадокия тауы өзінің бірегей геологиясы және ежелгі ғибадатханаларымен белгілі. Ал осы аймақтағы Гереме ұлттық саябағы UNESCO-ның бүкіләлемдік мұраларының қатарына қосылған. Сондай-ақ, бұл тарихи өлкеде аталған әуе шарлары да аса танымалдылыққа ие.
Айта кетейік, Невшехир аймағында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл, Қазақстан атындағы желек, «Қазақстан мен Түркияның достығы» саябағы және «Невшехир» университетінде «Қазақстан» аудиториясы бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: gazeta.kz.
• 04 Мамыр, 2015
Түркияда Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне әуе шарлары ұшырылды

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше