10 Ақпан, 2015

Салбуырын салтанаты

846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SAR_03   4011 Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында Шіңгіл аудандық үкіметтік үйінде халықаралық саят­­шылық өнерін талқылаған жиын болып өтті. Саятшылық өнерге қызығушылар жиын басталар алдында аймаққа белгілі фототілші Қапез Шағбанұлының «Атамекен» деп аталатын фотокөрмесін тамашалады.Сөйтіп, халықаралық Қытай-Шіңгіл салбуырын салтанаты басталды. Қызықты шараның ашылуына Қазақстан мен Моңғолиядан шақырылған қонақтар қатысып, ән мен күйден шашу шашылды. Жиын барысында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен киіз үй және ұлттық тағамдарды бақылау жарыстары қатар ұйымдастырылды. Салбуырын салтанатының аумағында өткен саятшылық, дала көкпары, қазақ төбеті жарыстары қызықтылығымен келушілер назарын өзіне аударды.Әуесті арттырған керемет саятшы­лық жарыстарында бүркіттер қоянға, қарсаққа, түлкіге, қасқырға түсіріл­ді, оның қызықтарын айтып жеткізе алмайсыз. Салбуырын салтанатында бала­пан, тірнек, тастүлек, құмтілек, мұзбалақ топтары болып бөлін­ген арнайы бәйге қызықтары өзінше тартым­дылығымен тәнті етті. «Қазақ төбеті» көр­месіне жалпы сана 40 төбеттің қатыс­­тырылуы жарыстың қызық­ты өтке­­нінен хабар бергендей.Ұлттық өнерге, саятшылыққа сусаған халық­тың көп жиналғанынан таңсық нәрсеге құмарлықтың арта түскенін көресіз. Аудан клубындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсі­мінде жергілікті өнер иелерінің күшімен қойылған «Жасыл шың» драмасы тамашаланды.  «Егемен-ақпарат». Суреттерді түсірген Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.