Қытайда тұратын Берік деген бауырымыздың осыдан 1 апта бұрын 8 кило алтын тауып алғаны туралы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған. Енді осы сәттіліктің арқасында қандасымыз қомақты қаржыға ие болды.
Алтай аймағы Шіңгіл ауданында тұратын қазақ жігіті тапқан алтын қыруар ақшаға сатылған. Қытай заңы бойынша кесек көлемдегі алтын мен бағалы заттар үкіметке тиесілі болуы керек деген тармақ бар. Соған қарамастан, интернет желісі арқылы жүргізілген сауалнамаға қатысқан 60 мың қандасымыздың 97 пайызы ат басындай алтын Беріктің еншісіне берілуі керек деген шешімді қолдаған. Нәтижесінде халықтың ұйғарымы дұрыс деп танылып, 8 килоға жуық бағалы зат 5 млн. Қытай юанына (830 мың АҚШ доллары) пұлданып, осынша қаржы әлгі қазақ азаматына берілген.
Қандасымыздың сөзіне қарағанда, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметрі 23 см., ені 18 см., ең қалың жері 8 см. болған. «Табиғаттың шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», – депті көргендер.
Мамандардың айтуынша, әлемде мұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейтін көрінеді. Тіпті, кен орындарының өзінде де тым сирек кездеседі екен.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Аймақтар • Кеше
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Кеше