ҚОСТАНАЙ. 4 мамыр. Қостанайда әділ сот 200 мың пара алған шенеунікке оның көлеміне 60 есе артық, яғни 12 миллион теңге айып салды және мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойы айырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай қаласындағы салт-жоралар қызметін көрсететін «Стикс» жауапкершілігінің экс-директоры Берік Құрамысов қала тұрғыны Максим Чуесенкодан қалалық бейіттегі Даңқ аллеясына жерленген әкесі моласының қоршауын кішірейтпеу үшін 200 мың теңге пара сұраған. Максим оған келіскен болады да, оны полицияға хабарлайды. Б.Құрамысов өзінің кабинетінде ұсталады. Одан 200 мың теңге мен тағы да 15200 доллар табылады.
Сотта Құрамысов кінәсін мойындады. Сот оған алған парасынан 60 есе артық айып салды, Яғни енді ол 12 миллион теңге айып пұл төлейді, сонымен қатар кабинетінен табылған 15200 доллар ақша да мемлекет пайдасына тәркіленді. Ең бастысы, сот шешімімен енді Құрамысовқа мемлекеттік қызмет есігі мәңгі жабылды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz
• 04 Мамыр, 2015
Қостанайда пара алған шенеунікке сот 12 миллион теңге айып салды

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше