Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді

Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталатынын атап өтті.

Атап айтқанда жалға берілетін 21 мың пәтерді сатып алу үшін 300 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 120 млрд теңге, Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді.