Гиннестің рекордтар кітабына енген дағыстандық «буынсыз» адам Мухтар Гусенгаджиев 21-22 ақпанда Алматыға келіп, семинар-тренинг өткізеді. Қазіргі таңда аталмыш шараны ұйымдастырушылар танымал азаматтың сапарына орай дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, М.Гусенгаджиев жаһандағы ең иілгіш адам ғана емес, сонымен бірге, эстрадалық, цирктік, спорттық фестивальдердің жеңімпазы және көптеген атақтардың иесі. Оның, әсіресе, пластика бойынша жаттықтырушы ретінде даңқы ғаламға жайылған. Ол Мадонна, Памела Андерсон, Деми Мур сынды белгілі адамдарға жеке сабақ берген. Сондай-ақ, Мухтар «Цирк дю Солейдің» атақты әртісі ретінде де танымал.
Тәкен БАЙЖОЛ.