ПЕТРОПАВЛ. 4 мамыр. Солтүстік Қазақстан су қоймаларына сиг, тұқы, табан балықтарының 100 миллионға жуық уылдырығын жіберу үшін мемлекеттік қазынадан 54 миллион теңге қаражат қарастырылды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекцияның мамандары хабарлады.
Мұндай тәжірибе өңірде алғаш рет қолданылып отыр. «Петропавл балық питомнигі» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері уылдырықтарды 6 ай бойы арнайы «вейс» аппараттарда өсіріп, инкубациялық талаптар мүлтіксіз орындалған.
«70 полиэтилен қаптарға салынған уылдырықтардың алғашқы партиясы Қызылжар ауданына қарасты Новокаменка маңындағы су тоғандарына жіберуге жөнелтілді. Таяу күндері Сергеевка су қоймасына 48 миллиондай уылдырық шашу жоспарланған. Балықтандыру ісімен күзге дейін айналысатын боламыз»,– дейді «Петропавл балық питомнигі» РМКК-нің директоры Ержан Жұмабаев.
Мамандардың айтуынша, күзге салым сиг уылдырықтарының салмағы 150 граммға, ұзындығы 25 сантиметрге жететін болады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясы.
Сурет: egemen.kz
• 04 Мамыр, 2015
Солтүстік Қазақстан су қоймаларына 100 миллион уылдырық жіберіледі

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше