
Аталған орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдап және үш айдан үш жасқа дейінгі балаларды оңалту сыйнды екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім ай сайын 50 баланы қабылдайды. Ашылған сәттен бастап орталықта үш мыңнан астам бала оңалтудан өткен. Мұның ішінде 1000-ға жуық бала тәулік бойы стационарда ем қабылдап, көмек алады. Орталық АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Ресей және басқа да шет елдерден жеткізілген заманауи қондырғылармен жасақталған. Мүмкіндігі зор техникалармен жабдықтауға аймақтағы ірі кәсіпорындар санатындағы KAZ Minerals тобы 112 млн теңге қаражат бөлген.
«Қамқорлық» оңалту перинаталдық орталығы облыс орталғы Семей қаласының тұрғындарын ғана қабылдап қана қоймай, қалаға жақын маңда елді мекендердің де балаларын қабылдап, қыруар қызмет атқарып жатыр. Осы орталық ашылғанға дейін өңірдені балалар Астана мен Алматыдағы оңалту орталықтарында кезегін күтсе, бүгінде күнбе-күн ем алуына жағдай жасалып отыр.
Денсаулық сақтау басқармасның дерегінше қазір Семей қаласында психологиялық тұрғыдан дамуы тежелген немесе әртүрлі ақаулары байқалған мүгедектігі бар балалар өте көп екені айтылады. Аталған орталықта психологиялық ауытқушылыққа ұшыраған балалармен мамандар 1,5-2 сағат бойында үздіксіз қызмет көрсетеді.
Өткен жылы жүріп-тұруы тежелген 61 бала алғашқы қадамдарын жасаса, сөйлеуі осыған дейін теріс нәтиже берген 105 бала оңалту курсынан кейін алғашқы сөздерін айтқан. Бұл балалар үшін де, осында қызмет атқаратын дәрігерлер үшін де үлкен жеңіс екенін айтады орталық мамандары.Орталықтағы тренажерлар мен церебральды сал ауруына арналған құрылғылар, омыртқа мен буындардың жұмысын жақсартады. Оңалту курсына жаттығу терапиясы, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектологпен бірге жүргізілетін сабақтар кіреді.
Мамандардың сөзінше, балаларға арналған кешенді оңалту қызметі әсіресе дамудың алғашқы кезеңдерінде - 3 айдан 3 жасқа дейінгі аралықта ауадай қажет, өйткені 3 жасқа дейін баланың миы оңалту емін еркін қабылдай алады. Оңалтуды неғұрлым ерте бастаса мүгедектіктігі бар балалардың оны жеңуіне мол мүмкіндігі бар екенін айтады.