Білім • 06 Наурыз, 2025

Наурыздағы ҰБТ басталды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүріп жатыр. Өткен сенбі, яғни 1 наурызда басталған тестілеу 6 сәуір­ге дейін жалғасады. 163 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қа­ты­суға өті­ніш берді. Олардың 76%-ы қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.

Наурыздағы ҰБТ басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу орта­­лығының дерегіне сүйенсек, нау­­рызда ең көп таңдалған бейін­­­ді пәндер комбинациясы – «Биология-Химия», яғни талап­керлердің 17,5%-ы медицина, педагогика және ауыл шаруа­шылы­ғы мамандықтарына түсу­ді жоспарла­ған. Ал 17,1%-ы «Мате­матика-Физика», 10,5%-ы «Математика-Информатика» пән­дерін таңдады, сәйкесінше болашақ инженерлер мен IT-мамандары.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ-дағы тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылық­тан» 10 тапсырма және екі бейінді пәннен 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім қажеттігі бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Бұл айдағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін  қатысады. 

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайтынын қоса кету керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025