10 Ақпан, 2015

Көрме құрылысына отандық кәсіпорындар тартылмақ

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен сенбі күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Астана ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысы барысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тартуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Көрме кешенінің құрылыс алаңында өткен кеңеске орталық және жергілікті мем­лекеттік органдардың, «Аста­на ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың, «Бәй­терек» ҰБХ» АҚ-тың бас­­шылары, құрылыс ұйым­дары мен өңірлік тауар өнді­ру­шілердің өкілдері қатысты. Бірінші вице-премьер құ­рылыс-монтаж жұ­мыс­тары­ның барысымен және көрме мен ЭКСПО-қалашығы нысан­дарының құрылысы үшін материалдарды жеткізу жағдайымен танысты. «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясының ақпараты бойынша, бүгінгі күнге қатыс­ты көрмені салушы бас мерді­гер­лер мен Қарағанды, Павло­дар және Солтүстік Қазақ­стан облыстарының тауар өн­діруші кәсіпорындары жалпы сомасы шамамен 3 млрд. теңгені құрайтын келісімдер бекіткен. Оның сыртында астаналық кәсіпорындардан сомасы ке­мінде 50 млрд.теңге болатын тауарлар, жұмыстар мен қыз­мет­тер сатып алу жөнінде ұлт­тық компаниялар мен Астана әкім­дігі арасында өзара ынты­мақ­тастық туралы меморандум бекітілді. Кеңес қорытындысы бойынша, Б.Сағынтаев ЭКСПО ны­сандары құрылысына отан­дық тауар өндірушілерді, ша­ғын және орта бизнесті тар­туға қатысты өңірлермен жұ­мыс­ты жандандыру жөнінде мем­лекеттік органдар мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-қа бірқатар  тапсырмалар берді.