
Олардың арасындағы ең атақтылары әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова (48 кг), құрлық чемпионы Данияр Шамшаев (73 кг) және Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрлыхан Шархан (100 кг).
Бұдан бөлек, Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Талғат Орынбасар (60 кг), Нұрмұхаммед Ботабай (66 кг), Қуан Барыс (73 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Азат Күмісбай (81 кг), Мейірлан Максим (90 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) татамиге шығады.