10 Ақпан, 2015

Бюро отырысы болды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссия­сы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеуге жауапты комитет болып белгіленді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Қаржы және бюджет комитетіне «Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасы бекітілді, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен шұғылдану тапсырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.