10 Ақпан, 2015

Қостанайда кәсіпорындарды қолдау жалғаса береді

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_8668ҚОСТАНАЙ. 10 ақпан. Қостанай облысында өнеркәсіп кәсіпорындарын 2015 жылы қолдау жоспары жасалып, дамытыла түседі. Қазірдің өзінде оған 50 кәсіпкерден ұсыныс түскен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорындарды қолдау жоспары әрі дағдарысқа қарсы жұмыс, сонымен қатар аймақ экономикасын дамыту бағытын ұстанатын болады. Онда облыстың ерекшелігі ескеріле отырып, маңызды мәселелер қамтылған. Мысалы, «Баян сұлу», «Қостанай ұн комбинаты» акцонерлік қоғамдарының, «Романа-нан» жаупакершілігі шектеулі серіктестігі және басқа да кәсіпкерлік кәсіпорындардың өндірген өнімінің экспортталған бөлігінен түскен табысқа салық салмау, валюта бағаны ауытқуы жағдайында «Баян сұлу», «Романа-нан» секілді басқа да экспорттық кәсіпорындарға мемлекеттік субсидия бөлу, өңір үшін маңызды саналатын азық-түлік өндіретін өнеркәсіп кәсіпорындары пайдаланатын электр энергиясы мен газ үшін тарифты төмендету, сыртқа тауар шығаратын кәсіпорындар үшін қосымша құн салығын жеңілдету, салық төлеушілерге қосымша құн салығын қайтару мерзімін қысқарту, Қазақстан бойынша азық-түлік тасымалында темір жол тарифын төмендету мәселелері қаралады. Арқалық қаласы кәсіпкерлері мен әкімдігі берген ұсыныстар осы қала үшін маңызды проблемаларды қамтиды. Арқалық қаласы аймағы үшін бизнеске несие алу аса қиындық тудырады. Осы өңірдің кәсіпкерлері қаладағы үш банкте бизнес үшін несие берумен айналысатын штаттық бірлік ашылуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар бизнес үшін берілетін несиенің көлемі 10 миллион теңгеге дейін болғанын қалайды. Ал Жітіқарадағы «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы қала құрушы кәсіпорын ретінде әлеуметтік шығындарға өтемақы болса деген тілек білдірген. (салынған салықтан 3 пайызынан 20 пайызға дейін шегергендегі көлемде). Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк: «Осы ұсыныстардың барлығын жеке-жеке қарап, саралайтын боламыз», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0178 IMG_8645 IMG_8648