Аймақтар • Кеше

Ақмола облысының тұрғыны 6 млн теңге несие алып, алаяқтарға берген

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында ер адам 6 миллион теңге несие рәсімдеп, оны алаяқтарға аударған. Ол инвестициялық платформаға ақша салса, үлкен пайда табамын деп сенген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының тұрғыны 6 млн теңге несие алып, алаяқтарға берген

«Зеренді ауданының 55 жастағы тұрғыны оңай жолмен табыс тапқысы келіп, алаяқтардың арбауына түскен. Бейтаныс адамдар оны жоғары табыс әкелетін инвестициялық жобаға сендіріп, алғашқы жарнаны төлеу және пайда табу үшін несие алуға көндірген. Нәтижесінде ол 6 миллион теңге несие рәсімдеп, барлық қаражатын алаяқтарға берген», — делінген материалда.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Сол күні Көкшетау қаласында да алаяқтық дерегі тіркелді. 66 жастағы әйелге өзін ұялы байланыс операторының қызметкерімін деп таныстырған адам хабарласып, оның сеніміне кіріп, 700 мың теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.

Полицейлер азаматтарға бейтаныс адамдарға банк карталарының мәліметтерін бермеуге, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге жария етпеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.