11 Ақпан, 2015

Ертеңгі күнге деген сенім кепілі

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда тұрып жатқаныма 20 жылдай болып қалды. Төрт қыз тәрбиелеп отырған отбасы иесімін. Осы 20 жылда Қазақстанның күн санап қарқынды түрде дамып жатқанына куә болып келемін. Бұл жетістіктер мені әрдайым жігерлендіріп әрі мерейімді асырады. Қазақ елінің алға ұмтылған батыл қадамдарына тәнті болудамын. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауымен танысып шыққанымда, Қазақстанның өрісі кеңейе беретініне сенімім арта түсті. Өйткені, Пре­зи­дент өзінің Жолдауында Қазақ елінің экономикалық дағда­рыс­тарға алдын-ала дайын екенін көрсетті және жаһандық дағ­дарыстан шығудың нақты жолдарын анықтап берді. Шын мәнінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елді бастай білу қабілеті мен ақыл-парасаты – Қазақстанда өмір сүретін барша халық үшін ертеңгі күнге деген сенім кепілі. Президенттің Жолдауларында белгілеген мақсаттардың біршамасына Қазақстан қазірдің өзінде қол жеткізіп үлгерді, бірқатарының жүзеге асуы үшін табанды қадамдар жасалуда. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті», деп атап өткендей, барша қазақстандықтар тәуелсіздіктің және бейбітшіліктің қадірін біле отырып аянбай еңбек етсе, Қазақстанның абыройы бұдан да арта берері анық. Абдуррахман СЕЛ, «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті. АСТАНА.