
– Тауарлардың электронды каталогі қандай мақсатта қолға алынды?
– Басты міндет – тауарларды сатып алу үдерісін жеңілдету және оларды тез әрі ыңғайлы ету. Әуелгіде каталог тек мемлекеттік сатып алуға қатысуға, яғни автоматты түрде каталогтен алынған тауарларға техникалық сипаттамаларды қалыптастыру үшін жасалған болатын. Алайда біз деректерді дұрыс және толық сипаттай отырып, тауар, жұмыс және қызметтердің бірыңғай жіктелуі мен сәйкестігін қамтитын мемлекеттік анықтамалықтың немесе каталогтің жоқтығына байланысты мәселеге бірнеше рет тап болдық. Арнайы талдау көрсеткендей, түрлі анықтамалықтар мен каталогтер бар екен.
– ТЭК жұмысы аясында қандай негізгі мақсаттарға жетуді көздеді және оның табыстылығын айқындайтын нақты өлшем бар ма?
– Аталған мәселенің шешімін іздеу барысында алдымызға ауқымды мақсат қойылды: цифрландыру арқылы тауарды өндіру/импорттау сәтінен бастап оны түпкілікті сатуға дейінгі барлық циклдің ашықтығын қамтамасыз ету. Жобаның табысты болуы тек бір тауар каталогін мемлекет пен бизнестің қолдануы арқылы анықталады.
– Каталог бизнес пен мемлекеттік органдар үшін тауарлар туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға қалай әсер етеді? Нақты мысалдар келтіре аласыз ба?
– Бұл – бизнес үшін чектердегі тауар туралы және бухгалтерлік жүйелерде ЭШФ туралы нақты әрі түсінікті ақпарат. Кей жағдайда чекте не жазылғаны түсініксіз. Өйткені әр дүкен тауарға байланысты терминологияны дербес жүргізеді. Сондай-ақ тауар кәсіпорынға немесе мемлекеттік органға түскен кезде жүйе автоматты түрде тауарды қайда тіркеу керегін көрсетіп, кемшілікке жол бермейді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органға сатылған тауарлардың саны мен олардың елдегі бағасы туралы деректерді көруге мүмкіндік береді.
– Осындай тетікті енгізу арқылы заңнамада немесе сатып алу тәжірибесінде қандай оң өзгерістер болуы мүмкін?
– Бүгінде мемлекеттік сатып алуларда «Электронды дүкен» тәсілі жолға қойылған. Бұрын осыған сәйкес сатылым үдерісіне тек төрт санат бойынша тауарлар қатыса алатын. Қазір каталогте ұсынылған барлық тауардың мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Электрондық қаржы орталығы бірыңғай оператор ретінде «Электронды дүкен агрегаторы» дейтін сауда алаңдары арқылы сатып алу тетігін әзірледі. Бұл сатыпалымды 15 минутқа дейін қысқартуға жол ашып, тауар келесі күннің өзінде жеткізілуі мүмкін. Мұның бәрі адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады.
– Рахмет.
Әңгімелескен –
Абай АЙМАҒАМБЕТ,
«Egemen Qazaqstan»