Бәйшешек көгілдір көйлегін киген көктемнің алдын ала елге сүйінші сұрап жіберетін хабаршысы сияқты. Ең алғашқы болып күн көзінен сөгілген көбік қарды тесіп шығатын гүл.
Айтуға оңай, биыл Оңтүстікте қыс болмады есебі. Жаңа жылды ел күн жылы, жер қарада қарсы алды. Қар емес, жаңбыр төпелеп тұрған жылдар да болған. Бірақ, ақпанның ортасы аумай жатып бәйшешектің гүлдеуін ел неге жорырын білмей жүр. Оны айтасыз, осы қаңтар, ақпанда да шағын ауламыздағы жасыл баудың қылшығы қисайған жоқ. Жылы қар астында жатты, қазір орып алмасаң, бойымды тіктей алмаймын дегендей, ұзынынан сұлап жатыр.
Арқадан келген нағашымыз Кәрібай Шөшіков Қарағандыдағы достарына: «Мен қазір футболкамен далада жүрмін десем, сенбейсіңдер», деп телефон шалған. Қарағандылықтарды қайдам, шымкенттіктер сенеді. Тап қазір қала төңірегінде ойын балалары бәйшешек теріп, асыр салып жүр.
«Шымкенттіктер сөйтеді, Шымкентте бәрі болады», дейді біреулер қызбаланғанда. Иә, солай. Жүрегі жылы Шымкент сөйтеді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Шымкент.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29