ОРАЛ. 10 ақпан. Орал қаласында ұшқыштың болуын қажет етпейтін ұшу аппаратының таныстырылымы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұшақты сериялы түрде шығару ісін «Омега» прибор жасау зауыты билығы жылдың өзінде бастамақ. Осы күрделі де қажетті іс жүйелі жолға қойылған кезде Қазақстан ұшқышсыз ұшатын әуе өндірісін меңгерген әлемдегі төртінші елдің қатарына қосылмақ. Яғни, еліміздің алдына Ресей, АҚШ және Израиль мемлекеттері ғана шықпақ.
Аталған кешенді әуе қондырғысы Ресейдің Москва облысындағы қолданбалы электро-динамика ғылыми орталығында жасалған. Оны әскери әрі әртүрлі азаматтық мақсаттарға қатар қолдана беруге болады. Соның ішінде ұшақсыз аппаратты шекара қызметінде, ауыл шаруашылығында және төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде пайдалану өте тиімді екен. Бұл жөнінде ресейліктермен осы ортақ жобаны бірлесіп қолға алған «Мир масел» ЖШС-ның директоры Абай Рысқалиев былай деді: «УАЗ автокөлігіне орнатылған компьютерлер ұшқышсыз аппарат беретін ақпараттарды қабылдап келеңсіз жағдайларды анықтап бере алады. Бұл қондырғының артықшылығы – адам аяғы бара алмайтын жерлерге әуеден қалықтап түсуінде. Осы жобаға сай біз болашақта «Омега» зауыты ғимаратынан оқу орталығын ашуды көздеп отырмыз.
Мәселенің мәнісі мынада. Еліміз 2006 жылдан ұшақсыз авиация өндірісін дамыту мәселесін алға қойғаны мәлім. Осы іске үлкен серпін берген өткен жылы Атырау қаласында Ресей мен Қазақстан Президенттері қатысуымен өткізілген шекаралас облыстар басшыларының кездесуі. Осы басқосуда аталған кешеннің мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ келісімдер нәтижесінде ұшқышсыз ұшу аппараты өндірісін өркендету жөнінде шешім алынды. Қазақстандағы «Омега» прибор жасау зауыты мен мәскеулік радиоэлектроника орталығы арасындағы қол қойылған меморандум Атыраудағы кездесудің жаңғырығы деуге болады.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, сервистік орталық та қазақстандық қалада орналаспақ. Оған қажетті жинақтаушы материалдар Ресейден жеткізілмек. Жобаның түпкі бастауында қазақстандық үлес отыз пайыз төңірегінде болса, уақыт өте келе бұл көлем одан әрі ұлғаймақ. Сонымен бірге екі жақты қол қоюшылар кадрлер әзірлеу мәселелерін де назардан тыс қалдырмаған.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: diapazon.kz.
• 10 Ақпан, 2015
Оралда ұшқышсыз ұшу аппаратының таныстырылымы өтті

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29