11 Ақпан, 2015

Жаңа авиациялық техниканы меңгеруде

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінде жаңа авиациялық техниканы қару-жарақ сапына қоюмен қатар, сол техниканы ұшқыштар құрамының меңгеруін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының авиа­ция­лық базасында оқу-жаттығу ұшуы барысында майор Раиль Құрбанғалиев тұңғыш рет экипаж командирі ретінде С-295 испандық әскери көлік ұшағын басқарып өз бетінше ұшты. Тұңғыш ұшу алдында әскери қызметші көп еңбектеніп, жерде түрлі жаттығу құрылғыларында жаттықты. Майор Құрбанғалиев кеме командирі көмекшісі лауазымынан авиациялық жасақ командирі лауазымына дейін көтерілген. Алдында ол Ан-26 мен Ан-12 ұшақтарын меңгеріп, олармен 900 сағаттан артық ұшқан. 2014 жылы Севилия қаласындағы (Испания) Airbus Military даярлау орталығында теориялық курстан өтіп, сертификат алды. Ал ұшудан қайта даярлықты Қазақстанда ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК нұсқаушы ұш­қышы майор Дмитрий Гроцтың жетекшілігімен өтті. С-295 ұшағы ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері сапына 2013 жылы қабылданғандығын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда ҚР ҚК ӘӘК-де аталмыш ұшақтың төртеуі бар. Әрдайым ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамды жеделдетіп даярлау жұмыстары жүргізіледі, жылдан-жылға қазақ­стандық ұшқыштардың шеберлігі тек қана артып келеді. «Егемен-ақпарат».