11 Ақпан, 2015

Елшінің министрмен кездесуі

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов осы елдің Мемлекеттік сыртқы істер және консулдық қызмет министрі Лин Еличпен кездесті. Кездесу барысында өткен жылы министр Л.Елич Астана экономикалық форумына алғаш­қы рет қатысқан Қазақстан-Канада әріптестігінің сәтті қоры­тын­дыларын талқылады. Осыдан соң ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың маусымда Оттаваға және 2014 жылғы қыркүйекте Қазақстан-Канада парламенттік “достастық тобының” тең төрағасы – Қауымдар палатасының депутаты Леон Бенуа бастаған Канада Парламенті делегациясының Алматы мен Астанаға сапарлары жүзеге асты. Олар, соны­мен қатар, Атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану саласын­дағы ынтымақтастық туралы үкімет­аралық келісімнің күшіне енгенін және «Bombardier» компаниясы­мен «Q400» ұшақ үлгілерін жеткізу мен Қазақстанда жаңа әуе компаниясын құру туралы Өзара түсінушілік меморандумына қол қоюын қуаттады. Әңгімелесу барысында К.Жигалов пен Л.Елич екі­жақ­ты сауда-инвестициялық байла­ныстардың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан-Канада Іс­кер­лік кеңе­сін жақын арада құру екі мем­ле­кеттің экономикалық әріптесті­гіне тың серпін қосатын болады. Л.Елич Қазақстанда қызмет ететін канадалық компаниялардың демеушілік қолдауымен іскерлік мағлұматнамалардың басылымын қошеметтеді. Іскерлік мағ­лұ­матнама канадалық инвести­ция­ларды Қазақстан экономика­сына тарту мен іскерлік байла­ныс­тарының кеңеюіне бағытталған. Тараптар екіжақты қатынас пен өзекті халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуі бойынша қазіргі жағдайы талқыланды. Елші министрді Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі тезистері жайында хабарлады. «Егемен-ақпарат».